Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев мәлімдеді.
Су тасқыны басталған уақыттан бері Құлсары қаласында жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
⁃ Қазіргі уақытта түрлі вирустарды анықтауға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тасқын судан барлығы 143 сынама алынды. Оның ішінде 130 сынама теріс нәтиже берді, 13 сынама бойынша мамандар зерттеулер жүргізуде, — деді Мұрат Мурзиев.