Атырау қаласындағы Су тазарту станциясы бүгінде толықтай бөгетпен қоршалды. Су тазарту станциясында 3 айға жеткілікті 14 тонна реагент қоры бар.
«Атырау қаласына судың көп бөлігі келген уақытта суды тазарту, фильтрден өткізу сынды жұмыстар тоқтатылмайды. Тұрғындарды үздіксіз таза сумен қамтамасыз етуге дайынбыз», дейді Атырау Су тазарту станциясының бас технологы Жәмила Исағалиева.
Атырау Су тазарту станциясы Атырау қаласы аумағынан басқа, Мақат ауданы және Доссор, Ескене поселкасын қамтиды. Мұнда барлығы 4 станция бар. Әрқайсысы 30 мың текше метрден, жалпы 120 мың текше метр су өңдейді.