Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мәлімдеді.
«Сарыөзек каналы бойындағы бөгеттің үш метрдей болатын жерін су жарып кеткен болатын. Аталған орында Атырау қаласы әкімдігі, Арнаулы автобаза мекемесі қызметкерлерін қоса алғанда 15 адам,
2 арнайы техника жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Канал бойындағы бөгет нығайтылып,300-ден астам қапшық төселді. Тәулік бойына канал бойында кезекшілер жағдайды бақылайды» деді Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин.