Алғашқы кездесуде «Атырау» мен «Қайрат» клубтары өзара шеберлік байқасты.
Атыраулық футболшылар ойын барысында жылдам ғол соғып үлгерді. Ойынның 10-минутында олардың қатарынан Игорь Стасевич мергендік танытса, одан кейін 13-минутта Олжас Керімжанов есепті үстемелей түсті.
Ал 17-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылса, 18-минутта «Атырау» қақпасына белгіленген пенальтиден алматылық клубтан Жоао Паоло мүлт кетті.
Ойынның 44-минутында алаң иелері сапынан Ян Новак басымдықты арттыра түссе, оған 70-минутта «Қайрат» сапынан Орфи Арад жалғыз голмен жауап қайырды.
Осылайша қарсыласын 3:1 есебімен қапы қалдырған «Атырау» жартылай финалға жолдама алды.
Тағы бір кездесуде «Тобыл» «Астанадан» 1:0 есебіен басым түсті.
Қостанайлық клубтан Ислам Чесноков соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.
Дәл қазір «Елімай» мен «Қызылжар», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесулері өтіп жатыр. Әзірге есеп — 0:0.