Жылыой ауданындағы су басқан аумақтарды құрғату жұмыстары жалғасуда. 29 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Құлсары қаласында 1821 үйде судан құрғату жұмыстары жүргізілді.
— Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасымен 2 млн текше метрден астам су шығарылды. Арнайы техника кіре алмайтын аулаларға вакуумдық машиналар жұмылдырылуда, — деп хабарлады Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.