2024 жылғы 25 сәуірде Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатырғаны туралы төтеншеліктерге хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші
қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады.
Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 ж.т. Н. Д. және 2017 ж.т. Ж.Д. балалардың өлі денелері табылды, сондай-ақ анасы: 1995 ж.т. Н. С. және 1994 ж.т. ер адамның Д.Б. ес-түссіз күйде табылып аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне 103 қызметкерлерімен жеткізілді.
Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды.
Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жасауда.