Бұл жөнінде Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабиров мәлімдеді.
— Бұлар, негізінен, дүкендер, наубайханалар, жылыжайлар және шаруа қожалықтары. Су тасқыны кезінде бизнес иелелеріне келтірілген залалды бағалау үшін қазір өңірлік комиссия құрылып жатыр. Бүгінгі күнге Жылыой ауданының кәсіпкерлерінен 226 өтінім қабылданды,- деді Сәттіғұл
Сабиров.