57 жастағы Алия Досмуханова 2 топтағы мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан ол волонтерлық жұмысқа белсенді атсалысып жүр. Күйеуі және үлкен ұлымен бірге ерікті түрде волонтерларға тамақ дайындауды ұйымдастырған.
— Күн сайын тамақ дайындап, шатырдың ішін жинаймын. Күйеуім мен ұлым қаптарды құммен толтырады. Күн-түн демей жұмыс жасап, жастарға үлгі көрсетеміз, басқа тұрғындарды ынталандырамыз,-дейді А.Досмұханова.
Айта кетейік, Атыраудағы жағалау бекіту жұмыстарына түрлі ұйымдардың 3875 қызметкері, 3741 волонтер, 1751 әскери қызметші тартылып отыр.