Махамбет ауданының Сарытоғай ауылындағы Пшон деп аталатын ит әлеуметтік желінің нағыз жұлдызына айналды. Ол өзінің иесіне құм салынған қаптарды тасуға көмектесіп, жағалау бекіту жұмыстарына қатысып жүр.
Пшонның иесі Зәмзәгүл Жаңабаеваның айтуынша, итті үш жыл бұрын күшік кезінде алған. Содан бері ажырамай қасында жүр және Пшонды бірнеше қысқаша командаларға үйреткен.
— Менің өзіме қаптарды тасу қиын. Мен оны шақырып алып, көмектесуін сұрадым. Берген екі қапшығымды сүйрелеп, жағаға жеткізіп тастады,-деді З.Жаңабаева.