«Атырауинжстрой» ЖШС Бас директоры Константин Шиннің айтуынша, компанияның жол техникасы аймақтағы су тасқыны басталғаннан бері жағалауды нығайту жұмыстарына тартылған.
⁃ 120-дан астам арнайы техника мен 150 жұмысшы персонал жол-құрылыс жұмыстарынан жағалауды нығайту жұмыстарына ауыстырылды.
Біздің компания Қызылқоға ауданындағы су тасқынына қарсы шараларға да қатысқан болатын.
Қазіргі уақытта біз Сарайшық, Махамбет ауылдарының аумағында, сондай-ақ, Атырау қаласында жұмыс істеудеміз.
Жұмыс тәулігіне 24 сағат екі ауысымда жүргізіледі, — деді Константин Шин.