Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай әлі күрделі екенін айтты.
«Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 149 % толып, су бөгет шыңынан 2 метр 61 сантиметр асты. Тәулік ішінде 9 сантиметр төмендеді. Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді. Өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басу деректері тіркелген. Қазіргі сәтте облыста 2401 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан», — деді департамент өкілі.