Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда Жайық жағасындағы Аспа елді мекенінің 86 тұрғыны көшіріледі

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, су тасқынына байланысты 229 шақырым бөгет салу жоспарланған. Қазір бөгеттің 139,2 шақырым салынған.

Ал Қайыршақты ауылдық округінің аумағындағы Аспа елді мекенінде 16 тұрғын үй бар. Бұл ауылда 86 адам тұрады. Елді мекен Жайық жағалауына жақын оорналасқандықтан, үйлердің салығы шайылып барады.

«Бұл ауылдың тұрғындарын көшіруге шешім қабылданды. Жауапты мамандар қажетті іс-шараны қолға алады», — дейді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Back to top button