ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекция басшысы Жәнібек Сабыровтың айтуынша, Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан өлген малдың өлекселері мал қорымдарында және арнайы белгіленген шұңқырларда өртеу жолымен жойылып жатыр.
Қазіргі таңда төлдерін қосқанда 60 қой-ешкі малы, 8 үй құсы, 1 ит пен 1 мысықтың өлексесі жойылған. Жұмыстар әлі де жалғасуда.