Гуманитарлық көмекті бастап келген Қырғыз Республикасы министрінің орынбасары Урматбек Шамырканов бауырлас елден Қазақ еліне 300 тонна көмек келгенін, соның ішінде Атырау облысына 80 тонна жеткізілгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта 4 фураға тиелген азық-түлік, жылы киім-кешек, жатын орын төсектері мен жылыту құралдарын Жылыой ауданына жөнелту бойынша жұмыстар атқарылуда.