Бұл туралы Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, өткен тәулікте 2024 жылғы 9 сәуірдегі таңғы сағат 8.00 жағдай бойынша:
— Индербор кентіндегі гидропостта БҚО тарапынан судың келуі есебінен cу деңгейі 33 см биіктікте көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 216 см құрайды,
— Махамбет кентінде су деңгейі 60 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілу деңгейі 178 см құрайды.
— Атырауда 30 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 58 см құрайды.
«9 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызылған су көлем 1670 м3 / с құрайды», — делінген хабарламада.