Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Сарайшықтан табылған бас сүйегі қайта жерленеді

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ күреу кезінде, адамның 12 дана бас сүйегі мен 26 дене сүйектері табылды.

Оқиға орнына құзырлы органдардың мамандары келіп аталған деректі АЕК тіркеп, тергеу алды тексеру жұмыстарын бастады. Алдағы уақытта, табылған сүйектер дәстүрге сәйкес қайта жерленетін болады.

— «Ескі Сарайшық үшін археологиялық қазба кезінде адам сүйегінің табылуы жаңалық емес. Өйткені, ортағасырлық Сарайшықта үлкен қорым бар екені баршамызға белгілі. Археологиялық зерттеу барысында да, тіпті ескі Сарайшық ауылы ішінде түрлі жұмыстар барысында да адам сүйектері жиі кездесіп жатады. Ал, бүгінгідей, елде су тасқынынан қорғау мақсатында жасалып жатқан үлкен жұмыстар кезеңінде Жайық жағалауында мыңдаған маман дамбы соғу барысында адам сүйектерінің шығуы заңдылық. Әдетте, мұндай хабар жеткен бойда мамандар өз жұмыстарын атқарып, оларды зерделеп, жер қойнына салт –дәстүріміз бойнша тапсырады.»-деді, «Сарайшық музей-қорығы директоры Мұхтар Әбілсейіт.

Айта кету керек, бұған дейін Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазіргі таңда Жайық бойында орналасқан Махамбет, Индер аудандарында және Атырау қаласына бөгет тұрғызу, жаға бекіті жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Back to top button