Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Атырау қаласында дабыл сиренасы қосылады деген ақпарат тарауда. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, дабыл сиренасын 9 сәуір күні қосу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Еске сала кетелік, Атырау облысы бойынша «Казгидромет» РМК 9 сәуір таңғы сағат 8.00 ақпарат бойынша, Атырауда су деңгейі 30 см-ге көтерілген. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы Жайық өзенінің көтерілу деңгейі 58 см құрайды.
9 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызылған су көлемі 1670 м3 / с құрайды.