7 сәуір күні Атырау облысында су тасқынына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Осыған байланысты зардап шеккен аймаққа Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметінің күшімен гуманитарлық көмек жіберілді.
Алматы әкімдігінің мәліметінше Атырау облысына көмекке 3 «КамАЗ» жүк көлігі, 1 жеңіл автокөлік, шанц құралдары (күрек, балта, сүймен және т.б.) жіберілді. Сондай-ақ, шатырлар, кереуеттер, шамдар, құтқару кеудешелері, резеңке етік, 5 мың қап, дәрі-дәрмектер бар.