Атырау облысының ТЖ бойынша жедел оперативті штабының хабарлауынша, жауынның ең көп көлемі су тасқынына ұшырайтын аудандарда болмақ.
Атап айтқанда, синоптиктер Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің басында, үшінші онкүндіктің соңында мол жауын-шашын болады деп болжап отыр. Бірінші онкүндіктің ортасында тұман болуы мүмкін.
Еске сала кетйік, 4 сәуірде Атырау облысының Жылыой ауданында ТЖ режимі жарияланды. Бүгінгі күнге су басу аймағынан 12 мың тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді.