Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда төтенше жағдай режимі жарияланады

Бұл туралы Атырауға  жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

— Бүгін мен Жылыой ауданының Құлсары қаласында болдым. Ондағы жағдай күрделі, бірақ, жаппай дүрбелеңге салынуға негіз жоқ. Өңірде су тасқынымен күресуге арналған барлық ресурстар бар. Жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдарға орта есеппен 3-4 күн қажет. Іс — қимылдың нақты жоспарын жасау, қажетті ақша сомасын бөлу, қажетті техниканы, сондай-ақ адами ресурстарды тарту қажет, — деді Қанат Бозымбаев ТЖ жөніндегі жедел штаб отырысы кезінде.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Атырау облысының әкімімен бірге Құлсары қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақты тікұшақпен ұшып көрді. Қанат Бозымбаев Жем өзенінің жай-күйін бағалады, сондай-ақ өңір басшылығына су тасқынына қарсы күрес бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

— Мен Қазақстан темір жолы басшылығын шақырдым, өйткені, кейбір жерлерде үлкен суды ағызып жіберу мақсатында темір жолдың кей бөлшектерін тесіп жіберу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда Иректі су қоймасынан ағып жатқан су көлемі секундына 2500 текше метрді құрайды, алға қарай ол көрсеткіш секундына 4-4,5 мың текше метрге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан, бізде су тасқынына дайындалу үшін 20 күн бар. Біз төтенше жағдай режимін халықты дүрбелеңге салу үшін емес, су тасқынына қарсы күрес бойынша нақты іс — қимыл жасау үшін жариялаймыз, — деді Бозымбаев.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, өңірде суды Атырауға жеткізбей Каспий теңізіне тікелей құятын су айдындарына бұру үшін, арналар қазу қажет. «Біз үшін ең басты міндет — Атырау жағалауын барлық жағынан нығайту», — деді Қанат Бозымбаев.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Жылыой ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, 2500 үй су астында қалды, елді мекендерден 15000 адам қауіпсіз орындарға көшірілді.

Back to top button