Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Ақтау-Атырау тасжолының бірнеше бөлігі жабылды

Су тасқынына байланысты Ақтау-Атырау жолдарының кейбір бөліктерінде көлік қатынасы тоқтағаны мәлім болды.

Құлсарыдан Атырауға қарай 15 шақырым аумақты толықтай су басуына байланысты бүгін Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау тасжолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтады.

«Су көтерілуіне байланысты жол кептелісінде ұзақ тұрып қалу мүмкіндігі жоғары. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болу ықтималдығы бар. Су тасқынының күрт өсуіне байланысты, қандай жол көлік түрі болса да, қауіп қатер туғызады. Онымен қоса, барша азаматтарды өзгерістерді бақылауға шақырамыз!», — деді Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Өтемісұлы.

Back to top button