«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Жылыой ауданының тұрғындары үшін 5 вагоны бар жолаушылар пойызын іске қосты.
«Жолаушылар пойызы 5 сәуір сағат 10:30-да Құлсары теміржол стансасынан жүреді. Ал, Атырау қаласынан Құлсарыға қарай кешкі сағат 19:00-де жолға шығады. Жолаушылардың сұранысымен жолдағы Мақат және Шоқпартоғай стансаларына да тоқтайды. Бұл үшін жолаушылар жолсерікке алдын ала ескертуі керек. Пойыз жолаушыларды тегін тасымалдайды» деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.