Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Су басуына байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы тоқтатылды

Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымы тұсында яғни Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын судың тасжолды басып кетуіне байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы толықтай тоқтатылды.

Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта жолға шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады. Қазіргі таңда су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда.

Back to top button