Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырау облысының Дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Атырау облысының Дін істері басқармасы басшысының лауазымына Қаһарман Мұсаев тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Қ.Мұсаев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Түркия Республикасы Сельчук университетінің «теолог», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

05.2011 — 02.2012 жылдар аралығында «Сема Құрылыс» ЖШС менеджері;

02.2012 — 12.2012 жылдар аралығында «Арма Глобал Сервис» ЖШС сату бойынша менеджері;

2012 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысы Дін істері басқармасында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Back to top button