Биыл 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
«Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа Атырау облысы бойынша 15 мыңнан астам бала барады деп күтілуде. Былтырғы оқу жылынан биылғы оқу жылындағы 1-сыныпқа қабылдаудың басты айырмашылығы — Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде 2024 жылдың 23 ақпанында қабылданған заңға сәйкес лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тиым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1-сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған, — дейдіАтырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.