Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Атырау облысына жұмыс сапарының екінші күні

Ағымдағы жылғы 16-17 наурыз аралығында Атырау облысына Төтенше жағдайлар министрі Чингис Сайранович Аринов жұмыс сапарымен келіп кетті.
Іс-сапардың екінші күні жоспар бойынша ТЖ министрі Чингис Аринов облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртаев, Департамент бастығы Н. Жанабаев Құлсары қаласына барды.
Алдымен Жылыой ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және №9 Өрт сөндіру бөлімі ғимаратын қарап, материалдық-техникалық базасын қарады.
Содан соң, «Казавиақұтқару» АҚ тікұшағымен Жем өзеніне және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына авэровизуалды шолу жасады.
Шара барысында ықтимал су тасу қаупі және қамыс өртінің алдын алу шаралары, жүйелі өртті сөндіру тәсілдері талқыланды.

Back to top button