Жұмыстар биыл қаңтар айында басталып, қазіргі кезде 10 километр су құбыры салынған. Жоба бойынша су құбырының ұзындығы 73,5 километр. Мұнда 12 дана су ұңғымасы, 2 дана су айдау бекеті салынады.
-Бүгінде Қызылқоға ауданындағы басты мәселелердің бірі — тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл ретте ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Соның бірі — «Тайсойған — Миялы» су құбыры. Жұмыстар аяқталған соң, Миялы, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға, Тайсойған ауылдық округтерінің тұрғындары толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі,- деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов.
Оның айтуынша, «Сапа Құрылыс – 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік еткен құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.