Облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков қызметінен өз еркімен кетті.
Ерлан Талғатбекұлы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап креслосын босатты. Мұны оның орынбасары Орынтай Биманова растады.
Сондай-ақ, Экс-басшы Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында білім беру басқармасының басшысы ретіндегі соңғы жазбасын жариялады.
«7 ай көп емес, бірақ аз да емес уақыт. Осы аралықта талай қиындықтармен бетпе-бет келіп, жағымды жаңалықтармен бөлістім, маңызды шешімдер қабылдадым.
Оқу-ағарту министрлігі жүктеген міндеттер аясында білім беру басқармасы ұжымымен бірлесіп, біраз жұмыстар атқарылды. Білім деңгейін көтеру, білім беру ұйымдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында бірқатар жобаларды іске қостық.
Бірақ өмір ағымының өз талаптары, кезекті аялдамасы бар. Жеке жоспарларымның ауысуына байланысты өз еркіммен облыстық білім беру басқармасы басшысы лауазымын жаңа басшыға тапсырамын.
Әрдайым қолдау көрсеткендеріңіз үшін әрқайсыңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді…”, — деп жазбасын аяқтаған.