Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырау облысында былтыр 2253 әйел түсік жасатқан

Атырау облысында соңғы үш жылда түсік жасатқан әйелдер саны артқан. Былтыр 2253 әйел осындай қадамға барған. Бұл туралы Казинформ жазды.

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, бұған әлеуметтік және денсаулықтағы кінәрат себеп болуы мүмкін. Некесіз жүктілік те осында қадамға баруға мәжбүр етеді.

«Мәселен, 2021 жылы – 1951, 2022 жылы – 1815, ал, былтыр 2253 әйел жасанды түсік жасатуңа шешім қабылдады. Ал, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында түсік жасату дерегі 2,5 есеге азайды. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылы — 13, 2022 жылы — 14, өткен жылы 5 жасөспірім түсік жасатты», -дейді Қазбек Ермағамбетов.

Оның пікірінше, мектепте кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілікке қарсы түсіндіру жұмысының маңызы зор.

«Әйел үшін жүктілік, өмірге бала әкелу — үлкен оқиға. Сол себептен, біз қыздарымызды ерте жүктіліктен, түсік жасатудың ықтимал салдарынан қорғауымыз қажет. Өйткені, әйел түсік жасатқаннан кейін күйзеліске ұшырайды. Бұл демографияға кері әсер етеді», -дейді Қазбек Ермағамбетов.

Back to top button