ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов бұйырығымен Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Руслан Олжабайұлы Ешманов тағайындалды.
Айта кетейік, полиция полковнигі Руслан Олжабайұлы Атырау қаласының тумасы. М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының түлегі. Еңбек жолын 2001 жылы Атырау қаласының ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы болып бастап, Атырау қаласының полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары және Индер ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.