Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда да мектептерге шабуыл жасалатын туралы жалған ақпарат тарады

Атырауда да мектептерге шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат тарады. Жергілікті полиция жалған ақпаратты таратқандарға қарсы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тұрғындардың үрейін туғызатын ақпарат кеше, 25 қаңтар күні кешкісін әлеуметтік желіде, WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде тарады.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

«Еліміздің бірқатар қаласында осындай жалған ақпараттар тарады. Құзырлы органдар тиісті іс-шараны қолға алды. Атырауда 26 қаңтарда мектептердегі сабақ қалыпты режимде өтеді. Құрметті ата-аналар үрейге бой алдырмаңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Мектептерде қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданады», -деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жалған ақпарат таратушыларға қарсы сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Атырау қаласындағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралып жатыр. Осы дерекке қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір жалған ақпаратты таратқан адамдарды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнекамера арқылы бақылау, мектептерге жақын тұста полиция жасақтарын көбейтуге ерекше назар аударылады. Бұл хабарламалар тұрғындар арасында дүрбелең туғызуға арналған. Сол себептен, тұрғындардан арандатушылыққа сенбеуді, тыныштық сақтауды сұраймыз», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Back to top button