Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Атырауда 7 жылдан бері салынбай тұрған мәдениет үйінің құрылысы қайта жанданады

Атырау облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелі картасына 8 нысан енгізілген. Енді соның біріндегі құрылыс жұмысы қайта басталады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиевтың айтуынша, құрылысы ұзақ мерзімге созылған нысандар арнайы бақылауға алынған.

«Сондай нысандардың бірі — Махамбет ауданының Сарытоғай ауылындағы мәдениет үйі. Оның құрылысына 2017 жылы 260 млн теңге бөлінген. Мәдениет үйі 200 орынға есептелген. Алайда, нысан құрылысы мерзімінде аяқталмады. Мердігерге қатысты сот процесі басталды. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мердігер „Строй проект-2017“ ЖШС-мен арадағы шарт бұзылды. Компаниядан тұрақсыздық айыппұлы өндіріп алынып, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылды», -дейді Ерұлан Серікқалиев.

Оның айтуына қарағанда, осыған байланысты обұзушылықтарды жою, проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау мақсатында жоспар бекітілген.

Жауапты мемлекеттік органдарға, қала мен аудандардың әкімдіктеріне тапсырмалар берілген.

«Қазір аталған нысанның құрылысын аяқтау үшін жаңа мердігер — „Гранд Мастер“ ЖШС-мен шарт жасалды. Мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын қайта бастайды. Осындай нысандардың құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр», -деп мәлім етті Ерұлан Серікқалиев.

Back to top button