Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Атыраулық өнертапқыш қой етін жіліктеуді үйрететін электрондық тақта құрастырды

Атырау облысында тұратын өнертапқыш электронды тақталар  құрастырды. Бірінші тақтада жілік атаулары, ал екіншісінде табақ тарту тәсілі көрсетілген. Бұл туралы Казинформ жазды.

Өнертапқыш Қуаныш Шалабаев Жылыой ауданында тұрады. Аудан орталығы — Құлсары қаласындағы жас техниктер стансасында жұмыс істейді. Осындағы роботтық техника үйірмесіне жетекшілік етеді. Ол оқушыларға роботтық техниканы қыр-сырын үйретумен шектелмей, өзі де түрлі түрлі жобаларды іске асырып жүр.

«Бала күнімнен ұлттық әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге қанық болып өстім. Қазір бұрынғы кезең емес, қоғам жаңарып жатыр. Бірақ, қазақтың ежелден ұстанған әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ұмытылмауы керек. Мәселен, бүгінгі жастар сойылған малды жіліктеуді, әр жіліктің атауын, табақ тарту секілді ұлттық ерекшелігімізді білмеуі мүмкін. Табақ тарту да ұмытыла бастады. Мұны жастарға үйретуіміз қажет. Инновациялық технология қанат жайған дәуірде оны жастарға қалай үйртекен жөн? Біраз ойланып, жас буынның қызығушылығын ояту үшін «Qazaq dastur board» жобасымен екі электронды тақта дайындадым. Бірінші тақтада қойды жіліктеу, екіншісінде табақ тарту әдісін ұсындым екі электронды тақта құрастырды. Тақталарға сойылған қойды жіліктеу, табақ тарту тәсілі енгізілді», — дейді Қуаныш Шалабаев.

Өнертапқыштың айтуынша, электронды тақтаны құрастыруға Аrduino бағдарламасы қолданылған. Мақсаты — жас буынға сойылған қойды жіліктеуді насихаттау. Электронды тақтаға қойдың бейнесі салынып, әр жіліктің атауы көрсетілген. Әр жі­ліктің атауы бар нүктені бас­қан­да, оның қай табаққа салынатынын көруге болады.

Back to top button