Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атыраулық кәсіпкер ұннан жасалған өнімдер дайындайтын цех ашты

Жылыойлық кәсіпкер Дархан Қойлыбаев «Kulsary foods» атты ұннан жасалған өнімдер дайындайтын цех ашып, 30 жылыойлық азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Қазір мұнда 30 шақты адам жұмыс істейді. Цехта кекс, бал қосылған коржик, шоколад, лимон қосылған және айранмен дайындалған пряник және екі түрлі сухарик дайындалады.

-Бізде өнімдердің көбі Ресейден келіп жатады. Сыртқы өнімдерге мұқтаж болып жатамыз. Сол себепті 2022 жылдан бері осы кәсіпті ашуды жоспарлап, 7-8 ай бойы зерттеп, дайындап, жұмысымызды бастадық. Құрылғылар Иран елінен алынған. Ал өнімдерді дайындауға арналған шикізаттарды жергілікті кәсіпкерлерден аламыз, — деді кәсіп иесі Дархан Қойлыбаев.

Аталған өнімдер Жылыой ауданындағы, Теңіз кенішіндегі және Маңғыстау облысының Бейнеу, Атырау облысының Мақат ауданындағы 300-ден астам азық-түлік дүкендерінде сатылуда. Қазіргі таңда мұнда күніне 500 дана, айына 15000 дана өнім шығарылады.

Back to top button