Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда денсаулық сақтау саласы бойынша 21 нысанның құрылысы жоспарлануда

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында және Атырау қаласы Алмалы селосында 25 келушіге арналған жанұялық дәрігерлік амбулаторияның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Сонымен қатар Атырау қаласында облыстық онкологиялық диспансерге радиолгиялық корпустың құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды, құрылысын НКОК компаниясы арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Ал қалған 18 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы жасалуда. Бұл туралы облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.

— Аталған нысандардың 15-і «Денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынатын болады. Яғни Құрманғазы ауданында 11 нысан, нақтырақ айтсам — Кудряшов, Арна, Көптоғай, Жамбыл, Дыңғызыл ауылдарына фельшерлік-акушерлік пункт, Афанасьев, Азғыр, Қоңыр терек, Жасталап, Батырбек, Жалғызапан ауылдарына, Қызылқоға ауданы Жантерек, Жамансор ауылдарына, Исатай ауданы Жасқайрат ауылына медициналық пункттің, Индер ауданы Есбол ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Оның айтуынша, аталған 15 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Биыл қаңтар айында сараптама қорытындысы алынатын болады.

Ал, үш нысан Атырау қаласында, атап айтсақ 250 орындық психикалық денсаулық сақтау орталығы, Береке ауылындағы 25 келушіге арналған жанұялық дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ ескі ғимаратты бұза отырып, орнына 150 орындық онкологиялық диспансер құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Back to top button