22-28 желтоқсан аралығында Батумиде садақ атудан халықаралық жарыс аяқталды.
Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық садақшылар Самира Жұмағұлова, Аяжан Яхина және Әлихан Тұяқ бірінші орынға ие болды.
Жекелей сында Райымбек Майқыбаев топ жарса, қыздар арасында Самира Жұмағұлова күмісті қанағат тұтты.
Кадеттер арасында Әлихан Тұяқ алтын, Аяжан Яхина күміс медаль иеленді.
Командалық жарыста Райымбек Майқыбаев пен Әбдумәлік Ғаниев жеңіске жетсе, аралас командалық сында Әлихан Тұяқ пен Аяжан Яхина жұбы үздік деп танылды.