Атыраулық спортшылар Щучинск қаласында өткен гір спортынан Қазақстан Республикасының Кубогінде үздіктер қатарынан көрінді.
Еліміз бойынша 180-нен астам спортшы қатысқан додаға Атырау облысынан үш спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Досқали Досқалиев (Атырау қаласы) 85 келіге дейінгі басекеде 1 орын, Қайсар Бағытжан (Қызылқоға ауданы) 95 келіге дейінгі басекеде 2 орын, Айбол Муханбетов (Исатай ауданы) 95 келіден жоғары басекеде 3 орынды жеңіп алды.
— Жарысқа орталық спорт кешенінде дайындалған болатынбыз. Біздің атыраулық спортшылар ҚР құрамасына кірді. Мен бұл спорт түрін 1990-шы жылдан бастап Атырау облысында дамытып келемін. 2005-ші жылдан бері ҚР құрамасында 8 жыл бойы өзім өнер көрсеттім. Ал осы жарыс екі күн өтті. Жақсы әсер алдық. Шәкірттерімнің осындай нәтижелерін көріп қуанышты болдым. Жалпы Қазақстанның деңгейі аталған спорт түрінен өте жоғары, Ресейден кейін екінші орында, — деді Атырау облысының армрестлинг және гір спорты бойынша бас жаттықтырушысы Сергей Гридчин.
Айта кетейік, 2024 жылғы сәуірде Қытай елінде гір спорты бойынша Азия чемпионаты өтеді. Біздің үш спортшымыз да осы чемпионатқа ҚР құрамында қатысатын болады.