Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы доллар бағамының 0,78 теңгеге қымбаттағанын көрсетті.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 458,49 теңге.

Ұлттық банктің 11 желтоқсандағы ресми бағамы — 1 долларға 457,61 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 459,09 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 462,3 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 459 теңге, сатып алу құны– 460 теңге.

Ресей рублі 5,02 — 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Back to top button