Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырау облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 315,2 млрд теңгеге өсті

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы І жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 6,7 трлн теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,8%. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.

— Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі – 14,1%. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 9,6 млн теңге. Жыл басынан бері салықтық және басқа да міндетті түсімдер 4,8 трлн теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік бюджетке 2,3 трлн теңге, Ұлттық қорға 2,5 трлн теңге аударылды,-деді С.Шәпкенов.

Баспасөз брифингінде аймақ басшысы өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де тоқталып өтті. Оның мәліметінше, биыл 10 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 135,8 млрд теңгені, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім көлемі 8 446,4 млрд теңгені, өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 563,8 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ сауда қызметінің көлемі 5 164,2 млрд теңге, құрылыс жұмыстары 972,5 млрд теңгеге орындалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 123,4 млрд теңгені құрады.

Back to top button