Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атыраудың Мақат ауданында 11 мұғалім мен тәрбиеші жалған дипломмен жұмыс істеген

Атырау облысы Мақат ауданының білім саласында 11 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды.

Мақат ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Какиевтің мәліметінше, жалған дипломды пайдаланған қызметкерлердің 4-еуі мектепте мұғалім болған. Ал, 8 қызметкер жалған дипломмен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген.

«Жалған дипломды пайдаланумен байланысты 11 дерекке қатысты қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз төленген жалақыны кері қайтару шарасы қолға алынды. Осы кезге дейін 8 қызметкер тарапынан бюджетке келтірілген 4 млн теңгеге жуық залал өндірілді», -дейді Ерлан Какиев.

Оның дерегіне сүйенсек, 2 тәрбиешіден 4 млн теңге бюджетке қайтарылуға тиіс. Ал, бір тәрбиешіге қатысты күмәнді жайт туындаған.

Сол себептен қосымша деректер жинақталып жатыр.

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 5 млн теңгеге жуық несие алған 2 маман жұмыстан шығып кеткен.

Осыған байланысты аудандық прокуратура несиені бюджетке қайтару мәселесін бақылауға алып отыр.

Back to top button