Атырау қаласында жаңадан 14 мектептің құрылысы салынып жатыр. Алдағы жылдары тағы 26 мектепті салу жоспары бар.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, аталған мектептер 2025-2026 жылға дейін пайдалануға беріледі.
«Қазір 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Тағы 26 мектептің нысанын салу жоспары бар. Жаңа мектептердің кейбірінің жобасын дайындау аяқталды. Ал кейбірінің жобасы енді басталып жатыр. Бұл мектептердің құрылысын салу 2025-2026 жылға дейін іске асырылады» – дейді Жасұлан Бисембиев.