Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Жыл басынан бері 12 мыңға жуық бала қызылша ауруын жұқтырған

Елімізде жыл басынан бері 12 мыңға жуық бала қызылша ауруын жұқтырған. Оның 80%-ы 14 жасқа толмаған балалар.

Өткен аптамен салыстырғанда қызылша жұқтырғандар саны бірден 30%-ға артқан. Науқастардың 80%-ы вакцина алмаған. Әсіресе, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы, Ақтөбе қалаларында ауру дендеп тұр.

Қызылша ауруының алғашқы белгілері: құрғақ жөтел, жоғары температура, бас ауруы, жүрек айну, көздің шырышты қабығының қызаруы, әлсіздік және тәбеттің жоғалуы, ауыз қуысында ақ бөртпелердің пайда болуы. Ал қызыл бөртпелер құлақ, мойын аймағынан басталып денеге біртіндеп шығады.

Қызылша желшешекке қарағанда ауыр және есту қабілетінің төмендеуі әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ауру өршісе науқас бронхит, пневмония, отит, энцефалит, энтероколит, менингитке шалдығады. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препараттар жоқ. Науқастың жағдайына қарай тек симптоматикалық ем жүргізелді.

Қызылшаның алдын-алу негізгі және ең тиімді әдісі – вакцинация. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы екпе 12-15 айлық сәбилерге және 6 жасында қайтадан жүргізіледі. Вакцинациядан кейінгі иммунитет – igg антиденелері қанда 10 жастан 18 жасқа дейін сақталады. Қызылшаға қарсы иммунитеттің күшін бақылау үшін ересектер 5 жыл сайын қызылшаға қарсы igg антиденелерінің деңгейін тексеріп отыруы қажет.

Бүгінде елімізде қызылшаға қарсы қосымша вакцина салынып жатыр. Вакцинация жергілікті емханаларда жүргізіледі. Қызылшаның басты білгелері мен ем жолдары туралы толық мәліметті ««Jibek Joly» арнасындағы «Біздің дәрігер» хабарының 07.11.23 күнгі санынан көре аласыздар.

Back to top button