Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Биылдан бастап «Цифрлық нотариат» жобасы іске қосылды

Осы жылы сәуір айында ҚР Әділет министрлігінде нотариалды куәландыратын сенімхаттарды қашықтықтан беруге арналған «Цифрлық нотариат» жобасының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гуланда Қыстаубаева мәлім етті.

Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі «Цифрлық нотариат пилоттық жобасын іске қосу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды. Осыған орай қазіргі заман талабына сай азаматтар сенімхаттарды нотариуспен бейнебайланыс арқылы онлайн режимінде бере алады.

— Ендігі кезекте сенімхат беретін азамат нотариустың кеңсесіне бармай-ақ, «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесінде немесе «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» жүйесінде авторизациядан өтіп, өзіне қажетті сенімхатты бере алады. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, сондай-ақ нотариустардың қызметіне жаңадан енгізіліп жатқандықтан біраз қиындық туғызуы мүмкін, — деді Г.Қыстаубаева.

Сонымен қатар бұл жаңалықты жүзеге асыру кезең-кезеңмен жүргізілетіні жоспарланып отыр.

— Алғашқы кезеңде сенімхаттардың тек қана бірнеше түрі куәландырылады. Соның ішінде соттарда істерді жүргізуге және нотариуста мұрагерлік істерді ашып жүргізуге берілетін сенімхат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында және басқа да құзыретті органдарында, т.б. өкілеттік етуге берілетін сенімхаттар куәландырылатын болады. Өтінішті берген кезде Қазақстан Республикасы азаматы кез-келген нотариусты таңдауына мүмкіндігі бар, — деді ол.

Back to top button