Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырауда «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өтті

Бүгін облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті.

Іс-шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жас ұрпақты патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.

Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы мерекемен құттықтай отырып, шара мақсатына тоқталып өтті.

-Бұл көрме Республика күні мерекесіне орай, жастарымызға музей қоры туындыларын көрсетіп, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өскелең ұрпақ ретінде ата-бабаларымыз ерен еңбегімен алған егемендігін қастерлеу, қадірлеу біздің парызымыз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Бүгінгі Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! — деді Т.Орынбасарұлы.

Көрмеге Ж.Аралбаевтың «Гүлденген өлке», И.Арыстановтың «Астана», Н.Қалиевтың «Бәйтерек», Т.Оразғалидың «Экспо-2017», М.Давлетьяровтың «Азияға апарар жол», С.Кәрібайдың «Атырау көрінісі», Ә.Жантасовтың «Махамбет-Исатай алаңы», Қ.Оразғалиевтың «Саябақ» сынды көркем туындылар қойылды.

Back to top button