Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау облысында екі аудан әкімінің лауазымына 6 кандидат таласады

Атырау облысының екі ауданында әкім сайлауы өтеді. Исатай және Қызылқоға ауданы әкімінің лауазымына 6 кандидат таласады.

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Ғұбашевтің айтуынша, аудан әкімінің сайлауына 3 кандидат тіркелген. Кандидаттардың 2-еуін саяси партиялар, ал, 1 үміткер өзін-өзі ұсынып отыр.

«Барлық үміткердің «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тиісті органдар анықтады. Исатай ауданының әкіміне кандидат болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Нұрым Мусин, Қазақстан халық партиясынан Рашид Мұқанов, өзін-өзі ұсынған Асылан Ғұбаш тіркелді», — деді Қабыл Ғұбашев.

Ал Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқановтың мәліметінше, мұнда әкім орынтағы үшін 4 кандидат құжат тапсырған. Оның 1-еуі – саяси партияның өкілі, ал 3-еуі өзін-өзі ұсынған.

Ал Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқановтың мәліметінше, мұнда әкім орынтағы үшін 4 кандидат құжат тапсырған. Оның 1-еуі – саяси партияның өкілі, ал 3-еуі өзін-өзі ұсынған.

Осылайша, екі аудан әкімінің лауазымын иелену үшін 6 үміткер таласады. Олардың бәрі де мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Үміткердің бірі аудандық мәслихаттың төрағасы, бірі аудан әкімінің орынбасары, енді бірі аудан әкімі болса, 3-еуі ауылдық округтің әкімі лауазымын атқарады.

Back to top button