Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен Атырау қаласында жүзеге асырылатын нысандардың жобасы туралы жиын өтті.
Кездесуде компания өкілдері орталық стадион, ұлттық спорт орталығын, шығармашылықты дамыту орталығын, көпсалалы спорт кешені мен концерт залын, спорттық мектеп интернатын, медициналық нысандарын салу және мектептерді қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін жобалар ұсынды.
Өз кезегінде Қайрат Нұртаев компания өкілдеріне әр нысандарға жауапты сала басшыларымен бірге жобаларды жан-жақты талқылап, 20 қазанға дейін ұсыну қажеттігін айтты.
Сонымен қатар жауапты тұлғаларға қалада, Мақат және Жылыой аудандарында салынатын нысандардың жер телімін әзірлеуді жүктеді.