Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда 7754 адам тұмау және жедел респираторлық-вирустық инфекциясын жұқтырды

Биыл қазан айынан бастап тұмау және жедел респираторлық-вирустық инфекциялардың тіркелуінің жоғарылауы байқалуда. 1 қазаннан бастап 7754 адам тұмау және жедел респираторлық-вирустық инфекцисын жұқтырды. Оның ішінде ЖРВИ-мен 6998, тұмаумен 9, бронхитпен 746 адам тіркелді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев баспасөз брифингінде мәлім етті.

Бүгінгі күнде инфекциялық стационарда ЖРВИ бөлімшесінде 83 адам ем қабылдауда. Оның ішінде балалар саны 63, жүкті әйелдер 17, ересектер 3.

-Осы жылы облыс бойынша тұмауға қарсы «Гриппол +» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынып, 1 қазаннан бастап вакцинациялау маусымы басталған болатын. Қазіргі таңда өңір бойынша жедел-жәрдем көмегінің 50 бригадасы қызмет атқаруда. Оның ішінде 26 бригада қала бойынша, ал 24 бригада аудан бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрілгінің ұсынысына орай басқармамен бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Нақтырақ айтсам, мобильді топтардың жұмысын жандандырып, сүзгі (фильтр) кабинеттердің жұмысы күшейтілді. Сонымен қатар балаларға, жүкті әйелдерге үйден қарау, микроаймақтар бойынша үй аралау, үйдегі стационарларды ұйымдастыру, көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде науқастардың жағдайын бағалау көмектері ұйымдастырылды. Оған қоса балалардағы тұмау кезінде лезде сапалы көмек көрсету мақсатында педиатриялық мультидисциплинарлы мамандардың топтары құрылды, — деді Қ.Абдалиев.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері сенбі, жексенбі күндері емханаларға мониторинг жүргізіліп, облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының, №2 облыстық аурухананың қабылдау бөлімінің жүктемелерін тексеріп, үздіксіз бақылап отырады. Сондай-ақ басқарма басшысы тұрғындарды жаппай тұмауға қарсы вакциянация алуға шақырды.

Back to top button