Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырау облысында ревматикалық ауруы бар науқастар саны өскен

Бұл туралы Қазақпарат жазды. Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ревматологы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Ғалымжан Тоғызбаев бастаған топ мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету үшін мақсатында Атырау облысындағы ревматологиялық қызметтің жай-күйіне талдау жүргізді. Әсіресе, гендік-инженерлік биологиялық терапия үшін ревматикалық аурулары бар пациенттерді іріктеуге байланысты мәселелерге назар аударылды.

«Соңғы жылдары Атырау облысында стационарлық емдеуді қажет ететін ревматикалық аурулары бар пациенттер санының өскені тіркеліп отыр. Мысалы, 2021 жылы диспансерлік есепте 2068 пациент болған. Ал, 2022 жылы олардың саны 3045-ке дейін өсті. Стационарлық емдеуге 2021 жылы 376 пациент, ал 2022 жылы 428 пациент емдеуге жатқызылды», -деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.

Осыған байланысты Атырау облыстық көпбейінді ауруханасында ревматологиялық орталық ашу туралы шешім қабылданған. Бұған асқынулармен болған жүрек-қан тамыры сырқатының асқынуынан кейін медициналық көмекке мұқтаж пациенттер санының ұлғайғаны себеп болған.

Орталықта консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған бірнеше кабинет болады. Оның ішінде ревматолог, гендік-инженерлік биологиялық терапия (ГИБТ), буынішілік манипуляциялар кабинеттері бар. Сондай-ақ тәулік бойғы стационар мен күндізгі стационардың төсектері қарастырылған. Көпбейінді топ ревматикалық аурулары бар пациенттерді іріктейді.

Қазір Атырауда 7 ревматолог дәрігер бар. Оның екеуі облыстық ауруханада, өзгесі №1, №4 және «Аман-саулық» емханасында жұмыс істейді.

Back to top button