Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауға Қазақстанның бас ревматологы келді

Қазақ ревматология алқасының төрағасы, ревматологтардың Еуразиялық лигасының президенті Ғалымжан Тоғызбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.
Облыстық ауруханда өткен жиынға Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен медицина саласының мамандары, дәрігерлер қатысты.
Жиында Ғ.Тоғызбаев облыс дәрігерлерін оқыту жоспарда бар екенін атап өтті.
-Атырау облысына ревматологтардың жұмысымен танысып, алдағы уақытта іске асырылатын жобаларды талқылау бойынша іс-сапармен келдім. Баршаңызға белгілі бұл — өте күрделі сала. Нейрохирургия, травматология, кордиология салаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 28 наурызында екінші деңгейдегі ревматологиялық орталық ашу туралы бұйрығы шыққан болатын. Соған орай, мамандарды жұмысқа тартып, алдағы уақытта Астана, Семей, Алматы қалаларында оқытып, барлық емханаларға жұмысқа қосамыз,- деді Ғ.Тоғызбаев.
Жиын соңында Ғалымжан Тоғызбаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Айта кетейік, облыс бойынша қазіргі таңда 7 ревматолог дәрігер бар болса, оның екеуі облыстық ауруханада және қалалық №1, № 4 және «Аман саулық» емханасында еңбек етуде.
Back to top button