Биыл Атрыау облысы, Құрманғазы ауданы бойынша 60 шаруа қожалығы мен жеке тұрғындар барлығы 907 гектар жерге егін еккен. Аталған 907 гектардың 395 гектары яғни 44 пайызы шаруа қожалықтарына тиесілі болса, 56 пайызы, яғни 512 гектар жер тұрғындар еншісінде.
-Бөлінген жердің 347 гектарына картоп, 212 гектарға көкөніс, 94 гектарға бақша өнімдері, 254 гектарға мал азықтық дақылдары егілген. Ал егістік орнын дайындау мақсатында 3 тонна тыңайтқыш қолданылған. Науқандық жұмыстарға 27 доңғалақты трактор, 2 шынжыр табанды трактор, 9 әртүрлі ауыл шаруашылық агрегаттары (культиватор, сеялка, плуг т.б.) тартылып, 130 азамат егістік жұмыстарымен қамтылып отыр,- деді Құрманғазы ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Саламат Қабдолов.
Оның айтуынша, бүгінде егілген егіннің 361 гектары жиналып, одан 3732 тонна өнім алынған. Жалпы осы жылға 9500 тонна өнім алу көзделуде. Ал науқан 15 қазанға дейін жалғасады деп жоспарлануда.